Коронавирус: Ресейде бір тәулікте 28 мыңнан аса адамнан анықталды

27.12.2020 20:41

Пандемия кезінде елде 3 050 248 адам коронавирус жұқтырған

Ресейде бір тәулікте 28 284 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Вирус жұқтырғандардың көбі Мәскеуде (6620), Санкт-Петербургте (3761) және Мәскеу облысында (1609) табылған. Кейінгі тәулікте вирус анықталғандардың 15 пайызында COVID-19 симптомдары білінбеген.

Бір тәулікте Ресейде коронавирустан 552 адам қайтыс болған. 24 390 науқас аурудан жазылған.

Пандемия кезінде елде 3 050 248 адам коронавирус жұқтырған. 54 778 өлім тіркелген, 2,4 миллионнан аса адам аурудан жазылған.