Атырау облысында медицина қызметкерлері үстемеақы алды

20.08.2020 20:42

Бұл туралы Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді

ehonews.kz

Атырау облысында 2082 медицина қызметкеріне 800 млн теңгеден астам сомаға үстемеақы төленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәліметінше, медицина қызметкерлеріне үстемеақы әртүрлі көлемде төленген.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына орай беріліп жатқан бұл қаржылай ынталандыру көмегі медицина саласының мамандарына үлкен қолдау болды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, тек өткен айда 2082 медицина қызметкеріне 800 миллион теңгеден астам сомаға үстемеақы төленді. Соның ішінде дәрігерлерге 850 мың теңге, орта буын медицина қызметкерлеріне 450 мың теңге, кіші буын сала мамандарына 250 мың теңгеден наурыз айынан бастап ай сайын үстемеақыны төлеу жүзеге асырылды», – деді Нұрлыбек Қабдықапаров.