Қазақстанның солтүстік аймағындағы коронавирус ошақтары анықталды
Петропавл қаласы 3 сәуір сағат 00:00-ден бастап карантинге жабылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Кешеден бері біздің облыста шектеу шаралары қабылданды. Соңғы уақытта жағдайға байланысты жедел әрекет етуіміз керек. Петропавлды 3 сәуір сағат 00:00-де карантинге жабу туралы шешім қабылданды. Басты мақсат - вирустың тарауын тоқтату. Одан бөлек, қатаң шаралар қабылданады. Көшелерде, тратуарларда дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Үйлер мен мекемелерде санитарлық жұмыстар жүргізіледі. Қоғамдық орындар, парктер мен саябақтар жабылады. Қалаға кіріп-шығу 1 сәуірде тоқтатылды. Бүгін түнде автокөліктердің қозғалысын тоқтатамыз», – деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов брифингте.
Сонымен қатар, қала маңындағы автобус қозғалысы және қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатады.
«Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, әкімдіктер, ауруханалар, құқық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер мен қаланың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін басқа да нысандар жұмысын тоқтатуы тиіс», – деді облыс әкімі.
Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысында 6 адам коронавирус жұқтырған. Бүгін Қазақстанның солтүстік аймағындағы коронавирус ошақтары анықталды.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Руслан Алишевтің сөзінше, 1 сәуір сағат 23:00-дегі жағдай бойынша өңір аумағында коронавирус инфекциясының 5 ошағы бар.
Петропавлда 4 ошақ (Н.Назарбаев көшесі, 270; Парковая көшесі, 121; Хименко көшесі, 1 және Карим Сутюшев көшесі, 17) және тағы бір ошақ – Тайынша ауданы Келлеровка аулы.