Бүгін 7 мың 500 кіреберіс дезинфекцияланды
Алматыда дезинфекция жұмыстарының 22-кезеңі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін 7 мың 500 кіреберіс дезинфекцияланды. Ал, қала көшелерін залалсыздандыруға 64 бригада, 144 арнайы техника тартылған. Әуезов халық көп шоғырланған аудандардың бірі болғандықтан, мұнда жұмыс жасап жүрген маман саны да көп. Яғни, 1 бригадада 10 адамнан Ал, топ күніне 400-ге жуық кіреберісті тазалайды. Одан бөлек, балалар ауласы да назардан тыс қалмайды. Дезинфекция жасалғаннан кейін тұрғындарға міндетті түрде 3 сағат бойы үйден шықпауы туралы ескертіледі.
«Осы індеттің алдын-алу үшін күнде дезинфекция жасаймыз. Жеңіл емес, жұмыс ауырлау. Ұжым болып жабылып, бірлесе отырып жасалынатын шара», – деді дезинфектор Айдос ЕДІРЕНОВ.