|
25.09.2020 | 15:44
1127

Әлемдегі жағдай: Ресей астанасы Мәскеуде эпидемиологиялық жағдай нашарлаған

Соңғы аптада ауруханаға қауіпті індетпен түскен науқастардың саны 30 пайызға өсті

Әлемдегі жағдай: Ресей астанасы Мәскеуде эпидемиологиялық жағдай нашарлаған Фото: АГН «Москва»

Әлемнің көп елінде коронавирус қайтадан күш алып, жергілікті дәрігерлер дабыл қағып жатыр. Ресей астанасы Мәскеуде де эпидемиологиялық жағдай нашарлаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Соңғы аптада ауруханаға қауіпті індетпен түскен науқастардың саны 30 пайызға өсті. Қала мэрі Сергей Собянин жағдайдың күрделенгенін айтып, 5 мыңнан астам компания ұжымын қашықтан жұмыс істеу тәсіліне көшуге шақырды. Ал, қауіпті індеттен көз жұмғандар саны жағынан Чехия көш басына шықты. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мұнда бір тәулікте 19 адам кесел кесірінен бақилық болған. Мамандардың айтуынша тамыз айымен салыстырғанда коронавирус жұқтырғандар 5 есеге өскен. Осыған байланысты ел билігі алдағы аптадан бастап карантин шараларын күшейтпек ниетте. Ал Еуроодақ әлемнің көптеген елдерінде індеттің күшеюіне байланысты шұғыл шараларға дайын болуға шақырды. Әйтпесе көктемдегі жағдай қайталануы бек мүмкін деп отыр. Соңғы мәліметке қарағанда Ұлыбритания мен Францияда вирусты жұқтырғандар саны күрт өскен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир