Қарағанды облысында бірнеше қала карантинге жабылады

29.03.2020 21:09

Карантин 30 наурызда сағат 00:00-ден басталады

Фото: akorda.kz

2020 жылдың 30 наурызынан бастап Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары карантинге жабылады, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

«Карантин 2020 жылдың 30 наурызында сағат 00:00-ден басталады. Біз карантин шараларын Қарағанды қаласының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 жағдайға байланысты қабылдап отырмыз», - деді Қарағанды қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров онлайн-брифинг барысында.

Аталған қала тұрғындары Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына және Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 17 наурыздағы № 2 шешіміне сәйкес төтенше жағдай режимін сақтаулары қажет.

Айта кетсек, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантинге жабылған.

Еске салсақ, елімізде 265 адамнан коронавирус анықтады. 18 адам жазылып шықты. Қауіпті вирус салдарынан 1 адам қайтыс болды.