Жәкішев бостандыққа шықты

19.03.2020 20:47

Ол алып компания қорынан 99,6 миллиард теңге ұрлады деп айыпталған еді

Ел ішіне індет таралмасын деп тұрғындарды үйінен шақпауға үгіттеп  жатқанда, біреулер бостандыққа шығып жатты. Бүгін бір топ белсенділер абақтыдан босаған Мұхтар Жәкішевті түрменің қақпасынан қарсы алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қаз атом өнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы 2009 жылы мамырда ұсталған болатын. Ол жемқорлық үшін 14 жылға сотталған еді. 2018 жылдың қарашасында Жәкішев Семейдің № 2 сотына да шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген. Шарт бойынша мерізімінен бұрын босап шығу үшін жаза мерзімінің үштен екі бөлігін өтеуі тиіс болған. Ол алып компания қорынан 99,6 миллиард теңге ұрлады деп айыпталған еді.