Қаулы 12 сәуірде күшіне енеді
Елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова елордада шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен қаулының мына тармақтары өзгеріссіз қалады:
- кинотеатр, боулинг, балалар ойын-сауық орталықтарына тыйым салынады;
- қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі сақталады;
- СОО, базарлар мен фитнес-клубтар тек жұмыс күндері жұмыс істейді;
- тамақтану, сауна және СПА тек жұмыс күндері жұмыс істейді.
- Қоғамдық тамақтандыру мекемелері демалыс күндері жеткізумен жұмыс істейді.
Биыл IV тоқсанда білім беру нысандарында оқытуды былай ұйымдастыру тапсырылды:
- дәстүрлі форматта 2021 жылғы 19 сәуірден бастап ата-аналардың өтініші бойынша оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 10 адамнан аспайтын қалалық мектептерде;
білім беру объектілерінің жұмысын қашықтықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар) қоспағанда, олар үшін оқыту аралас форматында (пәндердің 70 пайызы - дәстүрлі форматта, 30 пайызы - қашытан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша.
Құжатқа сәйкес, жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері қашықтан оқуын жалғастырады.
Қаулы 12 сәуірде күшіне енеді.
Жаңа қаулыны мына сілтемеден оқи аласыз.