Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина пандемиядан көп уақыт бұрын жасала бастады, деп мәлімдеді Н.Ф. Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Известияға сілтеме жасап.
«Біз өлім көрсеткіші COVID-19-дан әлдеқайда жоғары – шамамен 40% болатын, MERS деп аталатын басқа коронавирусқа қарсы вакцина жасауға тапсырма алдық. Біз бұл препаратты клиникалық сынақтан өткізудің екінші кезеңін аяқтап қалған едік», – деді Гинцбург "Известияға" берген сұхбатында.
Оның айтуынша, клиникалық сынақтар кезінде 220-ға жуық ерікті MERS вирусына қарсы екпе жасатқан.
«Осы кезде COVID-19 пандемиясы басталып кетті. Сондықтан MERS індетіне қарсы вакцинаны жасауға атсалысқан қызметкерлердің барлығы COVID-19-ға қарсы препарат жасауға жұмылдырылды», – деп атап өтті академик.
Жалпы, вакцина жасау технологиясымен ғалымдардың үш буыны 25 жыл бойы жұмыс істеген. Препаратты гендік терапия, Эбола және MERS коронавирусын емдеу үшін қолдану жоспарланған.
Технологиялар базасында коронавирусқа қарсы алғашқы препарат шамамен екі жыл бұрын жасала бастаған.