Ғалымдар коронавирустың өкпені қалай зақымдайтынын көрсетті

27.03.2020 20:51

Видеода Covid-19 жасыл түспен белгіленген

Кадр из видео

Америкалық дәрігерлер коронавирустың өкпені қалай зақымдайтынын көрсетті, деп хабарлайды tengrinews.kz GWhospital сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, коронавирус жұқтырған 50 жастағы ер адамға зерттеу жүргізілген. Одан вирустың ешқандай белгілері байқалмаған. Бірақ бірнеше күннен соң ер адам әлсірей бастаған, себебі вирус оның өкпесіне жеткен.

"Бастапқыда коронавирустың белгілері байқалмайды. Бірақ кейін ол бірден өкпені зақымдайды. Артынша асқынады да тыныс алуға кедергі келтіреді", - дейді Мортман.

Видеода Covid-19 жасыл түспен белгіленген. Бұл видеоны Youtube-қа Aalap Herur-Raman есімді қолданушы жариялаған.