Коронавирустан емдейтін дәрілер Еуразиялық экономикалық одақта кедендік баж салығынан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv
Атап айтар болсақ, коронавирусқа қарсы импорттық дәрі-дәрмектер, сондай-ақ, дезинфекциялық құралдар, қорғаныш костюмдері және басқа да медициналық тауарлар үшін кедендік баж салығы алынып тасталды. Бұл шара Қазақстан тарапының бастамасы бойынша Еуразиялық Кеңестің отырысында талқыланған. Кедендік баж салығынан босату халықты коронавирустық инфекцияның алдын-алу және дерттен қорғануға қажетті медициналық өнімдермен қамтамасыз етуге көмектеседі дейді мамандар. Отырысқа қатысушылар, сондай-ақ, карантиндік шаралар жағдайында Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы жолаушылар қатынасын қалыпқа келтіру мүмкіндігін саралаған. Енді қатысушы елдер бұл бағытта бірыңғай критерийлерді әзірлеуі қажет.