16 мамырдағы жағдай бойынша 2984 үйдің 8264 кіреберісі және 1426 аула алаңы өңделді
2020 жылғы 16 мамырдағы жағдай бойынша қоғамдық орындарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 мамырда жоспарланған 2984 үйдің 8264 кіреберісі және 1426 аула алаңы 100% өңделді.
Жұмысқа 65 бригададан 465 адам тартылған. Олар 71 500 литр дайын ерітінді пайдаланды.
16 мамырдағы жоспарға сәйкес, 2682 үйдің 7268 кіреберісін залалсыздандыру және 1345 аула алаңын өңдеу жоспарланған. Жұмысқа 62 бригада немесе 441 адам тартылған.
Көшелер мен тротуарларды жуу және залалсыздандыру бойынша
15 мамыр күні 5 027 мың шаршы метр көше, оның ішінде 24 әлеуметтік маңызы бар нысандардың кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 636 мың шаршы метр тротуар және 270-ге жуық басқа да нысандар, 135 контейнерлік алаң мен 628 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.
Көшелерді, әлеуметтік маңызы бар нысандарды (кіре берістер, кірме, іргелес аумақтар), тротуарлар және басқа да нысандарды (көше жәшіктері, орындықтар, аялдамалар, жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері) жуу және дезинфекциялау үшін:
– 163 бірлік арнайы техника (оның ішінде 72 бірлік дезинфекцияға арналған);
– 1136 жол жұмысшысы (оның ішінде 126 дезинфектор) жұмылдырылды.
480 мың литр ерітінді жұмсалды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 17 494 мың литр ерітінді қолданылған).
Сондай-ақ 1454 контейнер алаңын дератизациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. Оған 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.
Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1180 тоннаны құрады.
Санитарлық тазалау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі:
– 163 бірлік арнайы техника;
– 1115 жол жұмысшысы шығарылады.