Қытайда коронавирустың тағы бір түрі анықталды

16.10.2020 20:54

Бұл індет шошқа арасында тарап кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Қытайда коронавирустың тағы бір түрі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бұл індет шошқа арасында тарап кеткен. Жануардың оқтын-оқтын іші өтіп, құсуы тоқтамайды екен. Инфекция ішекте тез таралатын болып шықты. Енді ғалымдар, бұл аурудың адамдар арасында тарап кету қаупі бар деп қауіптеніп отыр. АҚШ-тың Чапел-Хиллдағы Солтүстік Каролина Университетінің ғалымдары лабораториялық зерттеулер жүргізу кезінде Қытайда табылған коронавирустың жаңа штамының адам өміріне де қауіпті болуы мүмкін екендігін көрсетті. Бұл вирус алғаш рет 2016 жылы жарқанаттардан шошқаларға жұққан. Ғалымдар, адам ағзасында қалыптасқан ұжымдық иммунитет бұл дерттен қорғайды деп үміттенуде