|
13.07.2020 | 15:55
1387

Атырауға ресейлік дәрігерлер келді

Аймақ басшысы жақын арада Ресейдің Астрахань облысынан тағы бес дәрігер маман келетінін де айтты

Атырауға ресейлік дәрігерлер келді baq.kz

Бүгін Нұр-сұлтан қаласынан келген ресейлік дәрігерлерді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қабылдап, қалыптасқан ахуалды түсіндіріп, жұмыстарына табыс тіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.  

«Жағдайды көріп отырсыздар. Елімізде қазір коронавируспен бірге пневмония дерті де ушығып тұр. Осы айда облыстық аурухана жанынан 400 орындық инфекциялық стационар ашылады. Сонымен бірге, Құрманғазы ауданынан да қосымша орындар жасақталып жатыр. Біз қажетті стационарлық орындармен, дәрі-дәрмекпен, құрал-жабдықпен толықтай қамтамасыз етеміз. Бастысы, сол жасақталып, ашылып жатқан орындарда науқастарды емдейтін дәрігерлер керек. Жылдар бойы келе жатқан медициналық мамандар тапшылығы қиын кезде анық байқалды», –  деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, аймақ басшысы жақын арада Ресейдің Астрахань облысынан тағы бес дәрігер маман келетінін де айтты.  

«Пандемиямен күреске жұмылдырылған барлық дәрігердің жағдайы жасалуда әрі жан-жақты қолдау жалғаса береді», – деді ол.

Уақытша сапармен келген ресейлік дәрігерлер Атырауда үшінші тамызға дейін жұмыс істейді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға интернатурада оқып жатқан 100-ден астам жас маманның медицина саласына тартылатынын хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир