Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың денсаулық сақтау жүйесі жүктемесінің өсуіне орай алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметінің күшейтілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала басшысы Instagram-дағы өзінің парақшасында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары және пандемия жағдайында қалалықтарға медициналық көмек көрсету туралы жазды.
«Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді. Ең әуелі осы қызметке жүгінгендіктен, бұл – медициналық көмек көрсетудің негізі болып табылады», – деді Б. Сағынтаев.
Қала әкімінің мәліметі бойынша, бүгінгі қалыптасқан жағдайда «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды.
Бұлардан өзге, Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық ашылды.
«Оның міндеті – қауіп тобындағы пациенттерді тәулік бойы бақылау және емдеу. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді», – деп жазды Б. Сағынтаев.
Алматы әкімі қаланың денсаулық сақтау жүйесіне түсіп отырған жүктеменің артқаны туралы да хабарлады. Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті, ал бұл індеттің көрінісі ретінде қарастырылуда.
Демек, жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны да күрт ұлғайған. Егер мамыр айында 2,5 мың қоңырау шалынса, маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен. Бір бригаданың орташа тәуліктік жүктемесі екі есеге өсіп, 19 шақырымды құрап отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
03.07.2020 Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді. Бүгінгі қалыптасқан жағдайда «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық аштық. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді. Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті. Мұны індеттің көрінісі ретінде қарастырып отырмыз. Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен. —— Сейчас, в разгар распространения коронавируса, задействованы все возможные ресурсы городской системы здравоохранения. Кроме инфекционных и провизорных стационаров большую нагрузку испытывает первый фланг — служба первичной медико-санитарной помощи. Это основа оказания медпомощи, к которой все мы обращаемся в первую очередь. В сегодняшних условиях на этом уровне развернута «виртуальная инфекционная больница». В поликлиниках созданы мобильные бригады по мониторингу пациентов с симптомами и подтвержденным диагнозом COVID-19. Совместно с медуниверситетом им. Асфендиярова на базе НИИ кардиологии и внутренних болезней открыли Центр мониторинга пациентов. Его задача — круглосуточное наблюдение и лечение за пациентами из группы риска. Это позволит нам минимизировать осложнения на амбулаторном уровне, особенно среди пожилых. Отмечу, только за последний месяц в городе в 5 раз выросло число заболеваний ОРВИ и пневмонией, что мы рассматриваем как проявление эпидемии. Соответственно, резко выросло количество обращений в скорую. Если в мае поступало порядка 2,5 тыс. звонков, то в июне — до 4 тыс. вызовов в сутки. Среднесуточная нагрузка на одну бригаду выросла вдвое и составляет 19 вызовов.
Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)3 Июл 2020 в 2:28 PDT