Елімізде COVID-19-бен ауырғандардың саны 300-ге жуықтады

 Informburo.kz
Informburo.kz
Дәлірек айтсақ, 294 адамнан аты жаман ауру анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде COVID-19-бен ауырғандардың саны 300-ге жуықтады Almaty.tv.

Дәлірек айтсақ, 294 адамнан аты жаман ауру анықталған. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында 167 жағдай тіркелсе, Алматы қаласында – 73. Шымкент қаласында екеу. Қауіпті індет өңірледе өршіп барады. Атырау облысында 12 адам жұқтырса, Қарағанды облысында жетеу болды. Ал, Ақмола облысында тоғызға жетті. Алматы облысында жеті.   Жамбыл облысында үшеу, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында екеуден тіркелді. Маңыстау, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысында коронаврус жұқтырғандар бір-бірден. Әлемді әуреге салған тәж тажалдан 20 адам жазылып шыққан. Нұр-Сұлтанда 13 болса, Алматы қаласында 7 азамат аурудан айықты. Өкінішке қарай,  коронавирус бір адамның өмірін жалмаған еді.

Новости партнеров