СҚО-да 8 мектеп пен бір балабақшада балалар коронавирус жұқтырды

26.09.2020 02:11

Балалармен байланыста болған адамдардың бәрі 14 күндік карантинге жатқызылған

inform.kz

Солтүстік Қазақстандағы мектептерде оқушылардың коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Солтүстік Қазақстанның мектептерінде коронавирус ауруын жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді. Індет сегіз білім ордасынан және бір балабақшадан анықталды», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, балалармен байланыста болған адамдардың бәрі 14 күндік карантинге жатқызылған.