Қытайда коронавирус инфекциясының жаңа толқыны өршіп тұр

Қытайда коронавирус инфекциясының жаңа толқыны өршіп тұр
Шетелдік БАҚ таратқан ақпарға сүйенсек, кей өңірлерде азық-түлік жеткізу де тоқтаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайда коронавирус инфекциясының жаңа толқыны өршіп тұр. Жұқтыру қаупі жоғары деп танылған «Стелс-омикрон» штамының артуына байланысты қазір Шанхай қаласында локдаун енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тұрғындар ас, сусыз, дәрі-дәрмексіз қалды. Шетелдік БАҚ таратқан ақпарға сүйенсек, кей өңірлерде азық-түлік жеткізу де тоқтаған.

«Шанхайдағы жағдайдың қаншалықты ауыр екенін көріп отырмыз. Уханьда да науқастар көп. Ауру жұқтыру деңгейін байқамау, елемеу мүмкін болмай отыр. Қаланың қалыпты деңгейге оралуы үшін көпшіліктің тест тапсырғаны аса маңызды», – деді «Тунцзи» ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бай Сянцзюнь.

Ал Қазақстанда жағдай тұрақты. Өткен тәулікте ел аумағында 9 адамның ковид жұқтыру дерегі тіркелген. Мұның жетеуі Алматы, ал екеуі елорда тұрғыны.


Новости партнеров