Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

08.06.2020 21:06

Енді Қазақстанға шетелден келгендер 2 тәулікке дейін карантиндік стационарларда оқшауланады

almaty.tv

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді Қазақстанға шетелден келгендер 2 тәулікке дейін карантиндік стационарларда оқшауланып, тексеріледі. Ал әуе рейсімен келгендер шекараны қиып өткен күні соңғы 5 күннің ішінде коронавирустың жоқтығы туралы анықтаманы алса, онда карантинге жатқызылмайды. Елімізге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен немесе Өзбекстаннан автомобиль өткелдері, теміржол және басқа жолдармен келгендер сауалнама толтырады. Сондай-ақ, ПТР сынақтан өту үшін олардан анализ алынады. Құжаттың толық нұсқасын Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан көруге болады.