Нұр-Сұлтанда подъездерді дезинфекциялау жұмыстары тәулігіне екі рет жүргізіліп жатыр

20.03.2020 21:06

Есіл ауданында 607 көппәтерлі тұрғын үй кешені, 150 қызмет көрсетуші ұйым бар

informburo.kz/Фото предоставлено УДОР г. Нур-Султан

Нұр-Сұлтан қаласында подъездерді дезинфекциялау жұмыстары тәулігіне екі рет жүргізіліп жатыр. Есіл ауданының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әли Әмірбеков осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, бұл залалсыздандыру жұмысына пәтер иелері кооперативтері жауапты. Олар карантин аяқталғанға дейін санитарлық тазалық жүргізіліп тұруы қажет. Сол себепті тұрғындарға түсіністікпен қарап, тазалықты сақтауға шақырды. Айта кетейік, Есіл ауданында 607 көппәтерлі тұрғын үй кешені, 150 қызмет көрсетуші ұйым бар.

«Үй-жай коперативтерімен, қызмет көрсетуші ұйымдармен дезифекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар – есіктің тұтқасын сүрту, лифтідегі кнопкаларды сүрту, баспалдақтардағы темір жақтауларды сүрту жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұндай жұмыс тәулігіне екі рет атқарылып жатыр. Адамдар көп ұстайтын жерлерге негізінен дезинфекция жүргізіліп, сүртіліп жатыр», – деді Есіл ауданының Тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әли ӘМІРБЕКОВ.