Алматыда КВИ-ді жұмыс істемейтін және өзін-өзі жұмыспен қамтитын тұрғындар жиі жұқтырады

31.01.2022 в 21:24

Бір аптада індет жұмыс істемейтіндер арасында 3,2%-ға, оқушылар арасында 2,6%-ға, зейнеткерлер бойынша 3,2%-ға өскен

Алматыда жұмыс істемейтін және өзін-өзі жұмыспен қамтыған қала тұрғындары КВИ-ді жиі жұқтырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Спикер өткен аптада жұмыс істемейтін және өзін-өзі жұмыспен қамтыған алматылықтар – 33%, түрлі ұйымдар мен кеңселердің қызметкерлері – 22%, зейнеткерлер – 20%, мектеп оқушылары – 9% және мектеп жасына дейінгі балалар 6% жиі жұқтыратынын атап өтті.

Бұл ретте бір апта ішінде жұмыс істемейтіндер арасында дерт 3,2%-ға, оқушылар арасында 2,6%-ға, зейнеткерлер бойынша 3,2%-ға өсу есебінен төмендеді.

«КВИ жұқтыру деңгейі жұмыс орны бойынша байланыс кезінде 3,3%-ға өсті. Отбасында жұқтыру 2,7%-ға және туыстарымен байланыс кезінде жұқтыру жағдайлары 0,8%-ға төмендеді», - деді Ә. Қалықова.

Жұқтырудың ықтимал орны бойынша өсім орамішілік азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде – 2,1%-ға, метрода – 1,2%-ға, Ashyq-қа қатысушы объектілерде 0,7%-ға байқалады.

Автобустар мен троллейбустарда инфекция 4%-ға, азық-түлік сауда желілерінде – 1,6%-ға және дәріханаларда 1,1%-ға төмендеді.

Өткен аптада сырқаттанған адамдардың 97%-ы негізгі жұқтыру орындары болып саналатын сауда объектілерінде – 38%, қоғамдық көлікте – 22%, отбасыларда – 16%, базарларда – 10%, жұмыс орны бойынша – 6% және қонақта – 5% жұқтырған.