Ведомство мәліметінше, 27 медицина қызметкері үйдегі карантинге жіберілген
Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері № 4 емхананың 27 қызметкері коронавирус жұқтырды деген мәліметке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Желіде № 4 қалалық емхананың 27 қызметкері коронавирус жұқтырды деген мәлімет пайда болды. Алайда Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәліметті жоққа шығарды.
Ведомство мәліметінше, 27 медицина қызметкері үйдегі карантинге жіберілген. Себебі олар науқаспен қатынаста болған.
"Наурыз айының соңында Алматы облысында тұратын 27 қызметкер Alan Cirсus қонақүйіне орналастырылған. Кейінірек осы қонақүйде тұрған Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерінен коронавирус анықталды. Осыған байланысты № 4 қалалық емхананың 27 қызметкері 11-25 сәуір аралығында үйдегі карантинге жіберілді", - деді ведомстводағылар.
Сондай-ақ, барлық қызметкерден коронавирусқа сараптама алынғаны және олардың теріс нәтиже көрсеткені анықталды.