Павлодарда бес жасар баладан Eta штамы анықталды

23.09.2021 21:07

Отбасы мүшелерінің бәрі Eta штаммен ауырып шыққан

pavlodarnews.kz

Павлодар облысында бес жастағы баладан коронавирустың нигериялық Eta штамы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов айтты.

«Павлодарда бір отбасындағы баладан сараптама алынды. Мұндай жағдайда таңдап бір адамнан сараптама алынады. 2016 жылы туған баладан коронавирустың нигериялық Eta штамы анықталды. Ол отбасының барлық мүшесі бұл штаммен ауырып, жазылып шыққан», – деді Айдар Сейітқазинов.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл жағдай тамыз айында болған. Қазір баланың жағдайы жақсы, отбасы мүшелері өздерін жақсы сезінеді.

«Ол кезде Алматыға 5 сараптама жіберілді. Оның біреуінен нигериялық штамм, үшеуінен «Дельта» штамы анықталды», – деді Айдар Сейітқазинов.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қыркүйекте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағынан нигериялық Eta штамы анықталғанын хабарлады.