Теміртау қаласының әкімі коронавирустан айығып шықты

11.06.2020 21:07

Қазіргі уақытта Ғалым Әшімовтің денсаулығына алаңдайтын себеп жоқ

temirtau-akimat.gov.kz

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов коронавирус инфекциясынан айықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Ғалым Әшімовтің денсаулығына алаңдайтын себеп жоқ. Соңғы тест теріс нәтиже көрсетті. 15 маусымда жұмысқа шығуы мүмкін. Еңбекке жарамсыздық парағының мерзімі аяқталып жатыр», – деді әкімдіктегілер.

Еске салайық, әкімнің коронавирус жұқтырғаны туралы 2 маусымда хабарланған болатын. Ведомство өкілдері әкімде аурудың белгілері байқалмағанын және оның ауруханада емес, үйде оқшауланғанын айтқан еді.