Алматыда 21 сәуірде COVID 19 диагнозы расталған 669 жағдай тіркелді.

21.04.2020 в 21:07

Екі пациенттің жай-күйі – өте ауыр, 6 адамда – ауыр, 168-і ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық

Қалада соңғы тәулікте жаңадан 145 жағдай анықталды. Олардың 104-і қазіргі уақытта провизорлық орталық болып табылатын Орталық қалалық клиникалық аурухананың, 12-і №12 Қалалық емхананың, 11-і Қалалық паллиативтік көмек орталығының қызметкерлері және 18 адам вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінгі күні коронавирустан емделуде Алматы облысынан пациентті есепке алғанда, 577 адам жұқпалы аурулар стационарларында жатыр.

Екі пациенттің жай-күйі – өте ауыр, 6 адамда – ауыр, 168-і ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық.

88 науқас коронавирустық инфекциядан сауығып емдеуден шығарылды.

Провизорлық госпитальдарда 452 адам, карантиндік оқшаулауда 352 адам, үй карантинінде 9950 адам бар.

Алматы қаласы Бостандық ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес №12 Қалалық емхана карантинге жабылды.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға қатысты. Стационар таза және вирус жұқтырған аймақтарға бөлінген.

Бүгінгі күні қосымша 150 жұқпалы, 60 провизорлық және 150 карантиндік төсек-орын ашылды. Емдеуде жатқан науқастарға медициналық көмекті тек обаға қарсы костюмдерін киген медицина қызметкерлері көрсетуде.

Пациенттермен коронавирусқа талдаулары теріс қорытындысы бар медицина қызметкерлері жұмыс істеуде.

Талдаулары оң қорытындысы бар медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетіліп, инфекциялық стационарлар мен бөлімшелерде емделуде.

Әкімшілік қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Карантин және жабық кеңістікте болу жағдайында адамдардың психологиялық жай-күйі нашарлауы мүмкін екенін ескере отырып, ұжымда коммуницирлеудің барлық әдістері қолданылуда.

Сондай-ақ, қаланың барлық медициналық ұйымдары қажетті жеке қорғану құралдарымен толық жабдықталғанын қосымша айта кеткен жөн.