Қоғам белсендісі Р. Гасанов вакциналау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуге шақырды

16.03.2021 21:09

Сарапшылардың айтуынша, КВИ-мен күресудегі ең тиімді әдістер вакциналау мен профилактикалық шараларды барынша күшейту

пресс-служба акима Алматы

Алматыда COVID-19-ға қарсы вакциналау науқанын тиімді жүргізу үшін сарапшылар мен дәрігерлер қауымдастығы тартылған түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарапшылардың айтуынша, КВИ-мен күресудегі ең тиімді әдістер вакциналау мен профилактикалық шараларды барынша күшейту. Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақта тұр. Қалада 16 наурыздағы жағдай бойынша КВИ ауруының 297 жаңа жағдайы тіркелді. Айта кетерлігі, өткен тәуліктерде 143 науқас сауығып шықты. Пандемиямен күрес аясында қалада халықты вакциналау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

«Бірінші кезеңде дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің арасынан 1750 адам вакциналанды. Екінші кезеңде 3300 медицина қызметкері, 955 полиция қызметкері және 523 мұғалім екпе алды. Вакциналауды ойдағыдай жүргізу үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Медициналық ұйымдар 7300 дана көлемінде арнайы ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз етілді», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік топтар төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов.

Оның айтуынша, Almaty телеарнасында оқытушылар мен полицейлер сұхбаттар берді, сюжеттер қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Бейнероликтер мен плакаттар дайындалып, әлеуметтік желілерде таратылды. Вакциналаудың барысы туралы қалалық «Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттерінде 48 материал жарияланды.

25 қаңтар мен 15 наурыз аралығында Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 12 спикердің қатысуымен вакциналаудың маңызы туралы 11 баспасөз шарасы өтті. Олардың арасында Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Н. Табынбаев, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшин, қалалық емханалар бас дәрігерлерінің орынбасарлары, Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының инфекциялық бақылау жөніндегі орынбасары, эпидемиологтар, сарапшылар вакциналаудың маңыздылығын жете түсіндірді.

Спикерлер журналистердің 127 сұрағына жауап берді. Баспасөз шаралары мен бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде арнайы әзірленген сұхбаттардың барысында 633 материал жарияланып, 30 сюжет телеарналарда көрсетілді.

Р. Гасанов вакциналаудың маңыздылығын түсіндіруде бүкіл еліміз бойынша осындай жұмыстарды жүргізу қажет деп санайды. Өйткені, толық ақпарат арқылы тұрғындар вакциналаудың қаншалықты маңызды екенін сезініп, дұрыс таңдау жасайтын болады.