Канада AstraZeneca вакцинасын салуды уақытша тоқтатты

30.03.2021 21:10

Елдің денсаулық сақтау министрлігі бұл қадамды сақтық шарасы деп атады

Reuters

Канада 55 жасқа толмаған адамдар үшін коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын қолдануды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Пайымдауларынша, тромб пайда болуы мүмкін. Елдің денсаулық сақтау министрлігі бұл қадамды сақтық шарасы деп атады. 

Еске сала кетейік, аталмыш вакцинадан 1-ші болып Аустрия бас тартқан еді.  Корольдікте 2 ай қатаң карантиннен кейін, тұрғындарға таза ауада спортпен айналысуға рұқсат етілді. Бірақ қашықтан жұмыс істеу принципі өзгерген жоқ. Қоғамдық көліктермен қатты қажеттілік туындаған кезде ғана қолдануды сұрап отыр, ағылшын билігі.