Адамзат коронавирусты алдағы екі жылда ғана толықтай бақылауға алуы мүмкін

11.09.2020 21:12

COVID-19-дың қашан тоқтайтынын дөп басып айту қиын

egemen.kz

Адамзат коронавирусты алдағы екі жылда ғана толықтай бақылауға алуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндай болжамды дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары жасап отыр. Олардың сөзінше, COVID-19-дың қашан тоқтайтынын дөп басып айту қиын. Ол үшін әр мемлекет адам көп жиналатын шараларды азайтып, халықтың денсаулығына және жалпы денсаулық сақтау саласына аса мән беруі тиіс. Сонда ғана пандемияны тоқтатуға болады. Оған шамамен екі жыл уақыт қажет екен.