Әлемдегі COVID-19: жұқтырғандар саны 100 миллионнан асты

29.01.2021 21:13

Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания

Фото: ашық дереккөзден

Әлемдегі COVID-19 тасымалдаушыларының саны жүз миллионнан асты. Екі миллион екі жүз мың адам пандемияның құрбаны болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Анти-рейтингтің алғашқы бестігінде: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания.

Еуропада шектеулер енгізілуде. Бұл елдің үкіметі бұғаттауды 1 наурызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Олар қараша айында енгізілген шектеулер өздерінің тиімділігін дәлелдеді деп санады. Бүгінгі таңда инфекцияның 363 мың жағдайы тіркелген.

Ал, Кенияда роботтар COVID-19-бен күреседі. Эпидемияға қарсы роботтар деп аталған үш ақылды машина Кения үкіметіне БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Жапониямен серіктесе отырып COVID-пен күресу үшін сыйға тартылды.

Роботтар медициналық мамандардың кейбір функцияларын орындай алады. Шуджа, Джасири және Тумайни – бұл көмекшілердің аты – үш жарым метрге дейінгі қашықтықта минутына екі жүз адамның температурасын өлшеуге, үлкен аумақтарды дезинфекциялауға және маска киюдің маңыздылығы туралы хабарламалар таратуға қауқарлы.