Қала әкімдігі тұрғындардан карантин режимін сақтауды сұрайды
Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, 28 наурыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы аумағында коронавирус инфекциясы ошағының 22 аймағы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазіргі таңда Әуезов ауданында екі ошақ бар. Ол Жетісу-2 ықшамауданы, №70а мен Мамыр-4 ықшамауданы, №313 мекенжайында орналасқан.
Алатау ауданында бес ошақ тіркелді. Атап айтқанда, Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234 үй; Ақкент ықш., 7 үй Ақбұлақ ықшамауданы, №9; Жасыл Желек көшесі, №13; Тойшыбек батыр көшесі, №121 үй мекенжайы.
Алмалы ауданында үш ошақ бар. Олар: Желтоқсан көшесі, №125; Жароков көшесі, №16 және Жароков көшесі, №7.
Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар – Достық көшесі, №162; Гоголь көшесі, №75; Қонаев көшесі, №62; Самал ықшамауданы, №3 және 5 үйлер.
Жетісу ауданында 4 ошақ тіркелді. Еңлікгүл көшесі, №34а; Волочаевская көшесі, №51; Помяловский көшесі, №25; Құлагер ықшамауданы, №45 үй.
Түрксіб ауданында 2 ошақ тіркелді. Жұлдыз ықшамауданы, №45; Жұлдыз -1 ықшамауданы, №13 үй.
Бостандық ауданында 1 ошақ бар. Тұрғыт Озал көшесі, №242 үй.
Наурызбай ауданында 1 ошақ тіркелді. Береке көшесі №1/97 мекенжайында орналасқан.
«Қала билігі тұрғындарды карантин режимін сақтауға шақырады. Қала әкімдігі медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерімен бірлесіп, қауіпті індеттің таралуына тосқауыл болып, вирустың ошақ аймағынан тарап кетпеуі үшін күшейтілген жұмыстар жүргізуде», - деп жазылған хабарламада.