Еуропада бір тәулікте 5 млн адам коронавирус жұқтырған

Қытайда да вирус жұқтырғандар саны артып келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа елдерінің карантиндік шектеулерді алып тастауы ерте екенін ескертті. Соның салдарынан кәрі құрлықта соңғы тәулікте 5 миллионнан аса адам ковид жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қытайда да ауруға шалдыққандар саны артып келеді. Коронавирусқа қарсы шаралар Шанхай дүниежүзілік қаржы орталығының жұмысын бәсеңдеткен. Ондағы мейрамханалар мен тамақтану орындары жұмыс уақытын қысқартыпты.  

«Қашықтан жұмыс істеу жайында қаулы шықты. Ешқайда шықпай, азық-түлікті тапсырыспен алдыртып отырмыз. Әзірге бәрі жеткілікті», - дейді тұрғындар.

Ал елдегі ахуалға тоқталсақ. Қазақстанда Pfizer препаратын ала алатындар қатары көбейді. Мысалы, ревакциналаудан өту үшін барлық қазақстандық аталмыш вакцина түрін салғыза алады. Мұндай шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

Айта кетсек, соңғы тәулікте еліміз бойынша 22 адам вирус жұқтырған.  

Новости партнеров