ұл жайлы Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова өз пікірін білдірді
Сарымсақ, зімбір, лимон коронавирусқа қарсы қаншалықты тиімді? Бұл жайлы Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Зімбір мен лимон дәрілік затқа жатпайды. Бұл ағзаның иммунитетін көтеретін, функциясын қалпына келтіретін тамаққа жатады. Бірақ жұққан ауруды емдеп жазғаны тәжірибеде дәлелденбеген», – деді ол.
Оның айтуынша, бұл заттарды коронавирустан профилактикалық мақсатта ішкен дұрыс. «Зімбір, сарымсақ, лимон, микроэлементтер, дәрумендерді аурудың алдын алу мақсатында ішкен пайдалы. Адамдардың иммунитеті жақсы болса, дерт жұға бермейді. Сондықтан, адамдар оқшауланып, иммунитетін көтеріп жүрсе, өте жақсы қорғаныс құралы болады. Халық медицинасында қолданылатын дәрілік шөптер тек профилактикалық мақсатта ішілуі керек. Бірақ COVID-19 инфекциясынан арнайы вирусқа қарсы препараттар арқылы жазылады», – деді ол.