Жаһанда қауіпті дерт одан ары дендеп барады
Жаһанда қауіпті дерт одан ары дендеп барады. Әлемде бір тәулік ішінде 338 мың 779 адамның ауруды жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
5 мың 514 науқас көз жұмған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Осы күні әлемде 36 миллионнан көп адамнан COVID-19 инфекция анықталған. Оның ішінде 1 миллионнан астам адам осы дерттің кесірінен көз жұмды.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сай аталған ауру ең көп анықталған елдер көшін АҚШ, Үндістан және Бразилия бастап тұр. Осы елдерге бару да, әрине, қаусіз емес.