Ақылы жедел жәрдем тобын шақыру 5400 тг тұрады
Қазақстанда ақылы «жедел жәрдем» бригадалары іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Олар үйде коронавируспен ауырып жатқан тұрғындарға көмектеседі. Қажет болған жағдайда науқастардан ПЦР-тестке анализ алады.
Ақылы жедел жәрдем тобын шақыру 5400 тг тұрады.
Қазақстанда вирустың кең таралуына байланысты жедел жәрдем қызметіне күніне 30 мыңнан астам қоңырау келіп түседі. Бұл – әдеттегіден екі есе көп.