Кішкентай балаларға маска тағу міндеттелді

21.04.2021 23:43

Бүгінде жаһан жұртының 143 миллионнан аса адамы коронавирус жұқтырған

tashkent.repost.uz

Біріккен Араб Әмірліктерінде кішкентай балаларға маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды  Almaty.tv.

БАӘ-нің бас дәрігері 3 жастан асқан жеткіншек көпшілік жерде бетперде киюі тиіс екенін айтқан болатын. Сондай-ақ, ол ата-аналарға балаларды қоғамдық орындарға апармауға кеңес берді.

Польшада вакцинация қарқынды жүріп жатыр. Премьер министр Матеуш Моравецкий осы жылдың екінші тоқсанында елге екпенің жоспарлаған мөлшерден 4 миллион доза артық келеді деп мәлімдеді. Осылайша 24 миллион адам вакцина салдырмақ. 

Бүгінде жаһан жұртының 143 миллионнан аса адамы коронавирус жұқтырған. Ал 3 миллионнан көп науқас кеселдің кесірінен көз жұмды.