КВИ: Әлемдегі ахуалға шолу

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Франция мен Ресейде де эпидемиологиялық жағдай күрделі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемдегі ахуал. Еуропалық комиссия дезинфекция жасайтын 200 роботты сатып алуды бастады. Коронавирустың таралуына қарсы күрес және Еуропалық одаққа мүше мемлекеттерге қажетті жабдықтарды беру шаралары аясында жабдықтар бүкіл Еуропа бойынша ауруханаларға таратылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін Одаққа мүше көптеген мемлекеттің медициналық мекемелері COVID-19 жұқтырған пациенттердің стандартты палаталарын ультракүлгін сәулемен небәрі 15 минут ішінде зарарсыздандыратын роботтарға қажеттілігін білдірген болатын. Осылайша, олар қауіпті вирустың таралуын болдырмауға және азайтуға көмектеспек. 

Португалия билігі желтоқсан айының басынын басталатын мереке қарсаңында қосымша шектеу шараларын енгізбек. Бұл күндері мектептерде сабақ болмайды. Ал мұндағы компаниялар қоластындағы жұмысшыларына демалыс беруге міндеттеледі. Осылайша, ел билігі коронавирус инфекциясының таралуына шектеу қоймақ.  

Ал, Литва Үкіметі жалпы мемлекеттік карантинді желтоқсан айының ортасына дейін ұзартпақ. Министрлер бұл мерзімді 16-шы не 17-ші желтоқсанға дейін созбақ. Елдің министрлер кабинеті сондай-ақ, сауда орталықтарына қосымша шектеу шараларын енгізуді ойластыруда. Бұл келушілердің арақашықтықты сақтамауына қатысты шешім болмақ. Жалпы пандемия басталғалы дүниежүзі бойынша 59 миллионнан астам адам инфекция жұқтырған. Бұл Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі. Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Америка Құрама Штаттары бірінші орында. Осы уақытқа дейін елде 12 миллионнан астам жағдай тіркелген. Одан кейін Үндістан мен Бразилия тұр. Франция мен Ресейде де эпидемиологиялық жағдай күрделі.

Новости партнеров