|
22.04.2021 | 16:20
1166

Алматының эпид-ахуалы қоғамдық кеңесте талқыланды

Күн тәртібіндегі басты тақырып ковидтік инфекцияның негізгі мәселелеріне арналды

Алматының эпид-ахуалы қоғамдық кеңесте талқыланды көрнекі сурет

Қоғамдық кеңес мүшелері мен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әлеуметтік жағдай мәселелері турасында кеңейтілген отырыс өткізді. Күн тәртібіндегі басты тақырып ковидтік инфекцияның негізгі мәселелеріне арналды. Олардың қатарында вакцинаны жеткізу және сақтау шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Осы айдың аяғына дейін тағы да қосымша 207 мыңнан астам вакцина түседі. Сондықтан біз қазіргі таңда 149 мың тұрғындарымызды ектік. Бұл бірінші компонентпен. 15 мыңнан астам  екінші компонентпен. Бұл осы ереже бойынша әрбір егуі 21 күннен кейін жасалады», – деді қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.

Ресми ақпарға сүйенсек, екпе егу шарасы басталғалы бері қалаға 1-компонентті 175 мың, ал 2-компоненттегі 500 мың доза вакцина келген. Сондай-ақ, бас санитар дәрігер асқыну жағдайларының алдын алу мақсатында қоғамдық денсаулық сақтау ұйымы базасының жанынан арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

«Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының назарын аударғым келетін тағы бір мәселе: кадрлардың жетіспеушілігі. Яғни, реабилитолог және эпидемиолог мамандарға мұқтажбыз. Сондай-ақ, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орындарындағы қызметкерлердің инфекциялық ауруханаларға ауысуы да қарқынды жүріп кетті. Осы мәселе қарастырылса дейміз», – деді медицина ғылымдарының кандидаты Жанат Қасымжанова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир