Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды

etcetera.media
etcetera.media
2021 жылдың қаңтарында ұсынылған нұсқамен салыстырғанда «Ң» әрпінің жазылуы өзгеше
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысының жобасы Ашық НҚА сайтына жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойған жағдайда, латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мынадай болады:

Айта кетейік, әліпбидің жаңа нұсқасында 2021 жылдың қаңтарында ұсынылған нұсқамен салыстырғанда «Ң» әрпінің жазылуы өзгеше. Қазір «ың» дыбысы латын тілінде «Ñ» деп белгіленген. Ал бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынылған кестеде әріп «Ŋ» деп белгіленген.

Еске салайық, жетілдірілген әліпбиде 31 әріп бар. Онда қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

Құжат 2021 жылдың 6 мамырына дейін ашық талқыланады. Оған мына сілтеме бойынша қатысуға болады.

Новости партнеров