Коронавирус: Грекия басшысы ел астанасында қатаң карантин жариялады

11.02.2021 21:20

Әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 108 миллионға жетті

Фото: ашық дереккөзден

Әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 108 миллионға жетіп қалды. Мерт болғандар 2 миллионан асады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көрсеткіш бойынша көш басында АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания. Жапонияда өткен тәулікте 121 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл пандемия басталғаннан бері өлімнің ең көп көрсеткіші. Айта кету керек, эпидемия басталғалы Күншығыс елінде локдаун болмаған.

Германияда үкімет карантинді 7 наурызға дейін ұзартты. Билік жаңа штамдарға байланысты пікірін білдірді. Мутация орнын басып, ескі вирус жойылады, деп санайды республика басшылығы. Елдегі шаштараз салондары 1 наурыздан бастап ашылады.

Мейрамханаларда тамақтануға рұқсат етілген. Ал, мектептерді ашу туралы шешім жергілікті билік еншісінде. 

Ал, Грекия басшысы Кириакос Мицотакис ел астанасында қатаң карантин жариялады. Барлық оқу ордалары қашықтан оқу форматына көшіп, азық-түлік сататын дүкендерден басқасының барлығы жабылған. Биліктің мұндай шешім қабылдауына өңірде вирустың мутацияланған түрінің белең алуы себеп.