АҚШ-та коронавирусқа қарсы препаратты тестілей бастады

12.06.2020 в 21:21

АҚШ-та 2 миллионнан астам адамнан COVID-19 вирусы анықталған

АҚШ-та коронавирусқа қарсы препаратты тестілей бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, Ресейде дерт жұқтырғандардың саны жарты миллионнан асты. Кейбір мемлекеттер туристер үшін есігін айқара ашып тастады. Джонс Хопкинс Университетінің мәліметіне сай, әуелде айтқан АҚШ-та 2 миллионнан астам адамнан COVID-19 анықталған. Ал, көрші Ресейде бұл  көрсеткіш 500 мыңнан асып жығылады. Қауіпті дерт  Африка құрлығында да дендеп барады. Онда 200 мыңнан астам тұрғын індеттің ілмегіне ілінді.