Өткен тәулікте өңірде коронавирус жұқтырған 15 адам тіркелді
Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
«Скринингтік тексеру барысында COVID-19 инфекциясы Жетісай ауданының 1988, 1987, 1988, 1964, 1956 жылғы, Ордабасы ауданының 1989, 1983 жылғы, Кентау қаласының 1970, 1951 жылғы, Мақтаарал ауданының 1976 жылғы, Сайрам ауданының 1983 жылғы және Нұр-Сұлтан қаласының 1983 жылғы тұрғындарынан анықталды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған азаматтарды тексеру нәтижесінде Төлеби ауданының 1969, 2018 жылғы, Түркістан қаласының 1978 жылғы тұрғындарының сынамасы коронавирусты жұқтырғанын көрсетті.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда. Олармен жақын байланыста болған азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 282 адамды құрап отыр.