Қазіргі кезде Тронхеймде коронавирус жұқтырудың 35 оқиғасы расталған, тағы 1500 адам байланыста болғандар ретінде карантинде отыр
Норвегияның Тронхейм қалашығында коронавирустың әлі күнге дейін белгісіз мутациясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Local Norway-ға сілтеме жасап.
Жұма күні вирустың үлгілері талдау жасау үшін Тронхеймнен Норвегияның қоғамдық денсаулық сақтау институтына (NIPH) жолданды, деп жазады басылым.
Тронхеймнің бас дәрігері Туве Ресстад қалада анықталған коронавирустың мутациясы Норвегияның өзінде анықталмаған деп санайды.
«Норвегияның қоғамдық денсаулық сақтау институты бұған дейін осындай мутацияға тап болған жоқ», – деп мәлімдеді Ресстад Verdens Gang газетіне.
Қазіргі кезде Тронхеймде коронавирус жұқтырудың 35 оқиғасы расталған, тағы 1500 адам байланыста болғандар ретінде карантинде отыр. Демалыс күндері қалада ауруға шалдығудың сегіз жаңа оқиғасы тіркелді, соның ішінде алтауы жергілікті үш шағын кәсіпорын – Еdge шаштаразы, Barmuda бары және Lille London пабымен байланысты.
Ресстад коронавирустың бұл түрі басқаларына қарағанда одан да жұқпалы екеніне сенім жоқ екенін атап өтті. Норвегиялық мамандар үшін сондай-ақ аталған мутацияның тағы қандай сипаттамалары бар екені белгісіз болып отыр.
Ресстадтың айтуынша, коронавирустың жаңа түрін жұқтыру үшін ауырған адаммен тығыз байланыста болу міндетті емес. Ол сондай-ақ адамдардың вирустың бұл жаңа түрін тез жұқтырып алатынын қосып өтті – вирус өзін басқаша танытады.
Verdens Gang басылымы Норвегияның қоғамдық денсаулық сақтау институтынан вирустың жаңа мутациясының үлгілерін талдау бойынша түсініктеме сұрағанын қосып өтті.