Коронавируспен күрескен дәрігерлерге 73,7 млрд теңгеден астам үстемақы төленді

ult.kz
ult.kz
Мобильді бригадалардың жұмысына 2,4 млрд теңге беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Індетпен күрес жұмыстарына тартылған ақ халаттыларға 73,7 млрд теңгеден астам үстемақы төленді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзіне қарағанда, қор эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері мен мамандарға үстемақы төлеуді жалғастыруда.

«Наурыз-тамыз айларында 73,7 млрд теңге көлемінде үстемақы төленді. Қор COVID-19, вирустық пневмониямен күреске тартылған 66 мың медицина қызметкеріне 17 млрд теңгеге жуық үстемақы төлейді. Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, медицина қызметкерлерінің тізімі кеңейіп отыр», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

Анықталғаны, қор коронавируспен және пневмониямен күрес бойынша іс-шараларды 159 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыруды көздеп отыр. Оның ішінде коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге 50,5 млрд теңге, эпидемияға қарсы шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақыға 91,9 млрд теңге, стационарлық деңгейдегі ПТР-зерттеуге 4,2 млрд теңге, үйдегі стационарда қызмет көрсетуге 400 миллион теңге, амбулаториялық деңгейдегі ПТР-ға 10 млрд теңге, мобильді бригадалардың жұмысына 2,4 млрд теңге беріледі.

Новости партнеров