65 жыл бірге тұрған 88 жастағы ерлі-зайыптылар коронавирустан жазылып шықты

07.04.2020 21:27

30 наурызда ерлі-зайыптылар ауруханадан шығып, Вильянуэва-де-ла-Торре елді мекеніне қайтып келген

Ашық дереккөз

Испанияда 65 жыл бірге тұрған ерлі-зайыптылар COVID-19 инфекциясынан айығып, Мадрид қаласындағы емханалардың бірінен шығарылды деп жазады kaz.nur.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Хосе Прието Серрудо және Гваделупа Матас Эрнандес 1955 жылы үйленген. Олардың жеті қызы бар. 4 наурыз күні Хосе қатты жөтел болғандықтан, өзін жайсыз сезініп, дәрігерге барған. Оған дәрігерлер антибиотиктер жазып беріп, үйіне жіберген.

8 наурыз күні ерлі зайыптылар үйлену тойларының 65 жылдығын атап өткен. Келесі күні Хосе ыстығы көтеріліп, қатты ауырған. Содан кейін қарт кісі Мадрид ауруханасына жіберіп, анализ алынған. Нәтижесінде коронавирус сынағы оң нәтиже көрсеткен. Бірнеше күн өткеннен кейін, Хосенің әйелінде ұқсас белгілер пайда болып, ауруханаға жіберілген. Ережеге сәйкес пациенттер бөлек палаталарда болғанымен, ерлі-зайыптылардың бірге болуына рұқсат етілген.

Гвадалупа тезірек сауығып, емханадан шығуы мүмкін болғанымен, ол жұбайынсыз кетпейтінін айтып, бұл шешімнен бас тартқан. 30 наурызда ерлі-зайыптылар ауруханадан шығып, Вильянуэва-де-ла-Торре елді мекеніне (Гвадалахара провинциясы, Кастилия-Ла-Манча автономды қоғамы) қайтып келген.