|
04.03.2021 | 16:27
3285

Алматыда халықты COVID-19-қа қарсы жаппай вакцинациялау қалай жүріп жатыр

Алматыда халықты COVID-19-қа қарсы жаппай вакцинациялау қалай жүріп жатыр Almaty.tv

ӨКҚ алаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидің қатысуымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ақпанның бірі күні біздің емханаларға СПУТНИК-V препаратының 1750 дозасы жеткізілді, дәл осынша медицина қызметкері 1 кезеңде екпе алды. Медициналық себептерге байланысты шеттетілгендер дәрігерлердің рұқсатынан кейін егіледі. Үш қызметкер өздігінен бас тартты. Ревакцинация 22 ақпанда басталып, әлі де жалғасуда. Екінші компонентті 1379 қызметкер алды. Наурыздың бірі күні Алматыға тағы 10 800 доза вирусқа қарсы вакцина жеткізіліп, екінші кезең басталды. 15 емханаға тағы 24 медициналық ұйым қосылды. Осылайша, екінші кезеңге 39 емхана қатысуда. Қазір «қауіпті аймақта» қызмет етіп жүрген медицина қызметкерлері екпе алуда. Бүгінгі күнге дейін 380 адамға вакцина егілді», — деді ол.

Сондай-ақ, спикер Алматы қаласының «сары» аймаққа көшуін ескере отырып, карантин шараларын сақтауға шақырды.

«Өкінішке қарай, эпидемиологиялық жағдай бізде «жасыл» аймақтан «сарыға» ауысты. Сондықтан карантиндік ережелер мен нормаларды сақтау қажеттілігі туралы тағы да еске салғым келеді – бетперде кию, өз денсаулығы үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармау, әлеуметтік қашықтықты сақтау. Алматының «жасыл» аймақта болуына және коронавирус қаупінен тезірек құтылуымыз үшін бірге ат салысайық», — деді Лаура Мырзағали алматылықтарға.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир