БҚО-да соңғы төрт күнде 400-ге жуық адамнан COVID-19 табылды

20.05.2021 в 21:28

Індет тарағалы бері облыста 21 503 науқас тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 392 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның 287-сінде ауру белгілері болса, 105-і - симптомы жоқтар. Вирус жұқтырғандардың 227-сі ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген, 128-і бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған, 31-інен профилактикалық мақсатта, 6 адамнан стационарға жатқызар алдында сынама алынған. 

Ауырғандардың 176-сы Оралда, 92-сі Бәйтерек, 49-ы Бөрлі ауданында анықталған. Жалпы, індет тарағалы бері облыста 21503 науқас тіркелсе, соның 16633-і жазылып шықты. 319 адам көз жұмды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да инфекциялық стационарларда 400-ге жуық адамның жатқанын жазған болатынбыз.