Республиканың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында медицина персоналына арналған инфекциялық қауіпсіздік шаралары қарастырылған
Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында медициналық қызметкерлер коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жаңа қаулыда медицина персоналы үшін қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Өкінішке қарай, бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында медициналық қызметкерлер ауруға шалдықты. Қаулыда медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздігінің шаралары, сонымен қатар жұмыстың сипаты мен қауіптілігіне қарай жеке қорғаныш құралдарына талаптар қарастырылған", - деді Есмағамбетова.