Елдегі Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 98 адам
Түркияда коронавирустан бірінші адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа коронавирустың жаңа түрінен бір адам қайтыс болғанын хабарлады. Оның айтуынша, пациенттің жасы 89-да.
«Оған қауіпті індетті таяуда Қытайдан ұшып келген қарамағындағы жұмысшысы жұқтырған», -деп түсіндірді Қожа.
Ведомство басшысының сөзіне сенсек, елдегі Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 98 адам.
Министр коонавирустың алдын алу шараларын қатаң сақтау керектігін ескертті.