Бұрынғы вице-министр Камалжан Надыров коронавирустан емделіп шықты

19.05.2020 21:30

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары Люмила Бюрабекова мәлімдеді

Inbusiness.kz

Бір айға жуық уақыт бұрын коронавирус жұқтырғаны анықталған бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров дертінен жазылып шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде өткен брифингте ведомства басшысының орынбасары Люмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Камалжан Талғатұлы шығарылды, қазір медициналық реабилитацияда. Өзін жақсы сезінеді. Тест теріс нәтиже көрсетті», - деді Л. Бюрабекова.

Айта кетсек, 22 сәуірде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қазіргі басшысы Камалжан Надыровтың коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.