Ахуал қиындаса, HALYK ARENA және ALMATY ARENA спорт сарайларында инфекциялық стационар ашылады

24.06.2020 01:05

Спорттық кешендерінде 1500 орынға арналған стационар ашу жоспарланып отыр

Фото : olimpic.kz


Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың күрт өсуіне байланысты Halyk Arena мен Almaty Arena спорттық кешендерінде 1500 орынға арналған стационар ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша, қала басшылығы ауруханалардағы төсек тапшылығы мәселесін шешіп, қосымша 1800 науқасты орналастырмақ. Қазіргі уақытта дәрігерлер мен мейірбикелер бригадалары да құрылып қойған. Жылпы пандемия басталғалы бері Алматыда коронавирус жұқтырудың 3429 жағдайы тіркелді. Қазір провизорлық төсек-орындар 90%-ға толы болса, инфекциялық төсек-орындар 95% - ға жүктелген.

ГРАФИКА-1

Төсек-орын санын ұлғайту жоспары:

HALYK ARENA + ALMATY ARENA : 1500 төсек-орынға дейін

ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ: 150 төсек-орын

КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЗИ: 150 төсек-орынға дейін

Барлығы:  3740 төсек-орын

Құрамына 257 адам кіретін дәрігерлер мен медбикелер бригадасы жасақталды

«Біз қаладағы бос тұрған нысандарға инспекция жүргіздік. Науқастарды жатқызуға арналған ғимарат бірінші кезекте, тазалауға ыңғайлы болу керек. «Алматы арена» мен «Халық арена» бұл жағынан барлық талаптарға сай келеді. Бұл нысандардың қабырғалары кафельден қапталған. Мұнда желдету де жақсы жүреді. Сол себепті қосымша төсек-орындарды өзіміздегі спорттық кешендерден ашу мүмкіндігін қарастырдық. Бірінші кезеңде 150 орын ашсақ, қажет болған жағдайда, 1000-төсек-орнына дейін арттыруға болады. Дегенмен барлық жайт қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Одан бөлек, бұл спорттық нысандарда жұмыс жасайтын мамандарды дайындау ісін де қолға алдық»,  – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров.